USD
USD
USD

Шерзат Полаттың өліміне қатысты апелляциялық сот шешімі ертең жарияланады

Алматы облыстық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған 8 сотталушыға қатысты апелляциялық сот отырысы  өтті. 

Шерзат Полат
Фото: NEGE

Алматы, NEGE. Сегіз сотталушы апелляциялық шағым түсірген. Сот барлық тараптарды тыңдады. Шешім  19 тамыз күні таңғы сағат 10:00-де шығады.

Сот отырысы түске дейін журналистердің қатысуынсыз өтті. БАҚ өкілдеріне бөлек бөлмеде онлайн трансляция ұйымдастырылған. Алайда трансляцияның даусы дұрыс естілмей, тоқтатылды. Журналистер сот отырысын телефоннан тыңдады.

Сонымен қатар сотқа айыпталушылардың өзі қатыстырылмады.

Журналистер сот залына тек түстен кейін  ғана кіре алды, бірақ фото-видео түсіруге рұқсат берілмеді. Тек жәбірленуші тараптың адвокаттары ғана өздерін фото-видеоға түсіруге рұқсат етті.

Шерзат Полаттың отбасы сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұрап отыр. Адвокат Мейірман Шекеев олардың 5 маусымдағы айыптау үкімін өзгеріссіз қалдыруды талап ететінін  мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық