USD
USD
USD

Мемлекет басшысы Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасы Танзила Нарбаеваны қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Танзила Нарбаеваға ілтипат білдіріп, оның Астанаға сапары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың айрықша сипатта өрбіп келе жатқанын растайтынын атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы қос халық арасындағы достық, тату көршілік байланыстарды нығайтуға Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының қосқан үлесін жоғары бағалады.

– Сіздің сапарыңыз елдеріміздің арасындағы достық қатынастарды нығайту тұрғысынан өте маңызды. Біз бауырлас Өзбек елімен ынтымақтастығымызды дамытуға ерекше мән береміз. Мұны Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда өте маңызды фактор деп санаймыз. Екі елдің ықпалдастығы неғұрлым тығыз әрі табысты өрбіген сайын, жалпы өңірдегі жағдай да тыныш болады. Сіздің сапарыңыз парламентаралық байланысты кеңейту үшін шын мәнінде маңызды рөл атқарады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов