Министрлер портреті. Саясат Нұрбек. «Оtoko»
«Отоко» деген не бәле тағы деп отырған шығарсыз. Қайта біз Сізді аса қинамайық деп, дыбысталу нұсқасын ұсындық. Ал егер таңбалануын көрсет десеңіз, мінеки, отоко дегеніңіз осы – 男. Мұндай иыр-қиыр иероглифтің мәнін жоғары билікте жалғыз Саясат Нұрбек қана түсінуі мүмкін. Өйткені полиглот шенеунік «жалықпай» меңгерген 7-8 тілдің ішінде осы жапон тілі де бар. Ал отоконы қазақ тіліне қотара салсаңыз, «еркек», «жігіт» деген мағына шығады. Енді түсінген шығарсыз, демек бүгін біз Саясат Нұрбектің қандай министр, қандай жігіт екеніне зерттеу жасаймыз.