29 Сәуір 09:24

Шымкентте 1 мамырдан бастап бірқатар нысан іске қосылады

Фото:

 1 мамырдан бастап Шымкент қаласы аумағында бірқатар нысан іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24». Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, қалада қызмет көрсету мен сауда саласы және қаржы ұйымдары өз жұмысын бастайды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатына айтылды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Президент тапсырмасына орай елімізде карантин режимін жеңілдету мәселесін қарастырған болатын. Осыған орай Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап бірқатар кәсіпкерлік нысандар іске қосылады. Бірақ барлық жерде санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов: "Химиялық тазалау, киім жуатын орынар, кілем жуатын жер, тұрмыстық техникаларды жөндеу, бірақ олардың алын ала жазылып, жеткізіп беру қызметі болуы керек. Сосын тұрмыстық техника сататын сауа үйлері мен дүкендер, бірақ олар онлайн жеткізіп беруі қажет" деді. 

Мақсат Пернебайұлының айтуынша, көлік жуу, шиномонтаж, май ауыстыру орталықтары мен техникалық қызмет көрсету станциялары жұмыс істейді. Алайда қызметтің бұл түрін тек қалада жүріп-тұруға рұқсаты бар көліктер ғана пайдалана алады. Алдын ала жазылу бойынша санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып әсемдік салондары, шаштараздар мен аяқ киім жөндеу нүктелеріне де рұқсат беріледі.

Тегтер: