9 Сәуір 23:09

Павлодар облысының тұрғыны коронавирустан көз жұмды

Фото:

Павлодар облысында коронавирустан бір адам көз жұмды. 

Алматы, NEGE. "Павлодар облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1936 жылы дүниеге келген.

Осылайша Қазақстанда қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 8-ге жетті. Еліміз бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 жағдай тіркелгені хабарланып отыр. 

Алматы қаласы - 1,
Ақмола облысы - 4,
Павлодар облысы - 2,
Қызылорда облысы - 8,
Нұр-Сұлтан қаласы - 2.

Қазақстан бойынша барлығы 781 жағдай.

Тегтер: