9 Сәуір 19:17

Футзал: Жеңіс Қазақстан құрамасында

Фото:

Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде бүгін, 9 cәуірде елордада Израильмен кездесті.

Алматы, NEGE. Ойын барысында қазақстандық футзалшылар сенімді ойын көрсетті. Ойынның 16-минутында Тайнан есеп ашса, 18, 19-минуттарда Жомарт Тоқаев есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңнің 23-минутында Тайнан тағы бір голдың авторы атанды. Ал 37-минутта Израиль құрамасы сапынан Ор Гольдстейн бір голмен жауап қайырды.

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Нәтижесінде іріктеу кезеңіндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін қазақстандық футзалшылар төрт ойын өткізді. Олар Венгрия (5:0, 6:1) мен Беларусьті (5:2, 6:1) қапы қалдырып кетті.

Төрт турда бірде-бір ұпайды шашау шығармаған құрама 12 ұпай жинап, екі тур бұрын жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алып қойды.

Айта кетерлігі, екі құрама Нұр-Сұлтанда 11 сәуірде тағы бір кездесу өткізеді. Аталған топта 13 сәуірде Беларусь және Венгрия құрамалары шеберлік байқасады. Осылайша іріктеу кезеңі мәресіне жетеді.

Тегтер: