Дархан Қыдырәлі жаңа қызметке тағайындалды

04 мая, 13:50

Фото: ғаламтордан

Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгінің өзінің Facebook парақшасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлім етті.

«Бүгін отандық ақпарат саласында тағы бір үлкен жаңалық болды. Еліміздің ең басты басылымдары – «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері біріктіріліп, дербес «Егемен Қазақстан» акционерлік қоғам ретінде құрылды. Оның Басқарма төрағасы лауазымына – елімізге белгілі зиялы азамат Дархан Қуандықұлы Қыдырәліні тағайындадым», - деп хабарлады Аида Балаева.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации