USD
USD
USD

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды

Талғат Алдыбергенов ҚТЖ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.

Талғат Алдыбергенов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. "Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жаңа Басқарма Төрағасы — бұрын басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Талғат Сағиұлы Алдыбергеновті ұжымға таныстырды.

Талғат Алдыбергенов темір жол саласында 35 жылдан астам тәжірибесі бар. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша үздік бітірген, РХШМҚА-ның экономика магистрі (Ресей) (қызыл диплом), экономика ғылымдарының кандидаты.

Жұмысшы лауазымдарынан топ-менеджментке дейінгі жол: 1992-1998 жылдары-Батыс Қазақстан темір жолындағы жұмыс: тауар кассирі, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры.

1998-2007 жылдары - "Қазақстан Темір Жолы" АҚ "Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы" РМК МКД Ақтөбе филиалының басшысы, "Қазтранссервис" МКД директоры, "ҚазМұнайГаз" Сауда үйі" ЖАҚ көліктік логистика департаментінің директоры.

2008-2019 жылдары — "Кедентранссервис" АҚ президенті, "АвтоГазАлматы" ЖШС Бас директоры, "Kazakhmys Maker" ЖШС басқарма төрағасы. 2024 жылдан — "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.