USD
USD
USD

Олжас Бектенов қытайлық «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Онда «жасыл» энергетика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

«Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» – Қытайдың жасыл технологиялар саласындағы көшбасшыларының бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстан «жасыл» трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда елімізде Waste to Energy тетігі бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база бар. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылға мүдделілігін жеткізді және серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай