9 Қыркүйек 17:56

Ауа райы: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Фото:

 Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы 10 қыркүйекте түнде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысы 10 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, түнде қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Атырау қаласында 10 қыркүйекте кей уақыттарда найзағай күтіледі. Қостанай облысы Түнде және таңертең 10 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 үсік күтіледі. Жамбыл облысы 11, 12 қыркүйекте Жамбыл облысында тауда найзағай күтіледі. 10-12 қыркүйекте кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында  10 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Ақмола облысы Түнде 10 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі. Батыс Қазақстан облысы 10 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан кей жерлерде 15-20 м/с. Орал қаласында 10 қыркүйек түнде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз екпіні 18 м/с. Қарағанды облысы Күндіз 10, тәулік бойы 11 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 күтіледі. Түнде 11 қыркүйекте кей жерлерде 1-3 градус үсік сақталады.

Тегтер: