3 Қараша 15:25

АҚШ-та президенттік сайлау басталды

Фото:

Бірінші болып Нью-Гэмпширде штатындағы сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі президент Дональд Трамп Миллсфилд қаласында 16 дауыс жинап, жеңіске жеткен. Ал демократ Джо Байден Диксвилл-Нотчте қарсыласынан басым түсіпті. Бір айта кетерлігі, аталған өңірде дауыс беру небәрі бірнеше минутқа ғана созылған. Кейін оның қорытындысы фейсбуктегі тікелей эфир барысында көрсетілген. Оған сәйкес, 5 адам Байденді қолдаса, Трампқа бірде-бір сайлаушы дауыс бермеген.

Тегтер: