6 Қаңтар 15:07

Шетелден келген 215 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

Фото:

5 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Германия, Корея, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. 1 940 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 725 адам, анықтамасыз 215 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: - Алматы қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 252 жолаушы, анықтамамен - 1 112, анықтамасыз - 140; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 186 жолаушы, анықтамамен - 182; анықтамасыз - 4; - Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 3 жолаушы анықтамамен келді; - Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 206 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 56; - Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, 143 жолаушы анықтамамен келді; - Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз – 15. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жеррі бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп жатыр. 2021 жылдың 4 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 162 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.

Тегтер: