USD
USD
USD

Ясауи университетінде «Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңда» атты семинар өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде  «Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңда» атты семинар өтті.

Түркістан облысы
Фото: Ясауи университеті

Түркістан, NEGE. Жиынды Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» ұйымдастырды. Мамандар нашақорлық пен маскүнемдіктің адам өміріне қауіпін насихаттау және СПИД-тің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК-ның басшылары мен мамандары, дәрігер-наркологтар және 1-2 курс студенттері қатысты.

Түркістан облысы
Фото: Ясауи университеті

Семинарда сөз бастаған Облыстық АИТВ – инфекциясының алдын алу орталығының басшы орынбасары Дәурен Рыскелдиев:

«Бүгінгі іс-шара – жыл сайынғы үрдіске айналған, 1желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылды. Басты мақсатымыз – АИТВ инфекциясының алдын алу. Жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бағыт беру. Бұл инфекцияның алдын алуға шақырамыз! Әр адамның денсаулығы – өз қолында. Жастарды, сіздердің жақындарыңызды жылына бір рет инфекцияға қарсы тексеруден өтуге шақырамыз!», - деді.

Келесі кезекте, мамандар қоғам дертіне айналған нашақорлық пен маскүнемдік дерттері туралы тың ақпараттар берді. Адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігі жөнінде ақыл-кеңестерін айтты. Аталған дерттерге қарсы күрес пен емдеу жолдары айтылды.

Сондай-ақ, студенттер мен ерікті азаматтар АИТВ инфекциясына тексерілу үшін тегін экспресс-тестілеу тапсырды.

Айта кетейік, жедел тест нәтижесін 20 минуттан кейін алуға болады.

Студенттер
Фото: Ясауи университеті

Жиын соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.

Айта кетейік, АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру нәтижесінде пайда болатын баяу үдемелі дамитын жұқпалы ауру. Ауру адамның иммундық жүйесіне әсер етеді, нәтижесінде ағза әртүрлі инфекцияларға (бұрын ауруды тудыруы мүмкін емес (оппортунистік инфекциялар – бактериялық пневмония, адам папилломавирусы, кандидоз, герпес зостері және т.б.)) және қатерлі ісіктерге өте сезімтал болады, нәтижесінде науқасты өлімге әкеледі. ЖИТС (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) – аурудың соңғы сатысы.

Инфекция көзі – вирус жұқтырған адам, вирус тасымалдаушы немесе ЖИТС-пен ауыратын адам. Вирус тасымалдаушылар көбінесе жұқтырғанын білмей, өздерін сау деп санайды, өйткені оларда бірнеше жыл бойы ауру белгілері болмауы мүмкін.

Инфекцияның берілу жолдары:

– жыныстық қатынас кезінде (көптеген жыныстық қатынастары бар, әсіресе кездейсоқ немесе бейтаныс серіктестермен);

– парентеральді (қан арқылы) берілу: ластанған қанды құю кезінде немесе қанмен ластанған құралдар арқылы, түрлі инъекциялар жүргізген кезде (әсіресе нашақорлар арасында көк тамырға есіркіні енгізген кезде).

– жүктілік және босану кезінде вирустың анадан балаға берілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция