USD
USD
USD

Ядролық физика институтының қызметкерлері үш айдан бері жалақы алмаған

Институт қызметкерлеріне еңбек демалысына шыққанда төленетін демалыс ақысы да әлі берілмеген.

Ядролық физика институты
Фото: jinr.ru

Астана, NEGE. Threads желісінде Ядролық физика институты қызметкерлерінің жанайқайын жеткізген жазба жарияланды. Anorakaio аккаунтымен тіркелген желі қолданушысының жазуынша, институт қызметкерлері үш айдан бері жалақы алмаған.

«Ғылым ордасы қызметкерлерін күнкөріс қаражатынсыз қалдырды. Мамыр және маусым айларына тиесілі берешек жалақыны шілде айының соңына дейін өтейміз деп уәде берген, алайда бұл сөзге сенім жоқ», – деп жазады ол.

Ядролық физика институты өкілдері қазіргі уақытта қаражат түсуін күтіп отырғанын, 20 шілдеден бастап қызметкерлерге еңбекақы кезең-кезеңімен төлене бастайтынын айтып жауап берді.

«Мамыр айының жалақысының 40%-ын және маусым айының жалақысының 85%-ын 20–24 шілде аралығында төлеу жоспарланған», – делінген хабарламада.

Ал шілде айының жалақысы заңнамада белгіленген мерзімде, яғни 10 тамызға дейін төленетіні айтылған.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт