USD
USD
USD

Назарбаев зияткерлік мектебі түлектеріне қымбат пәтер сыйланғаны рас па?

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «мектеп түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғары нәтижелері үшін қымбат сыйлықтар, соның ішінде пәтер берілді» деген ақпаратқа ресми түсініктеме берді.

қымбат сыйлық
Фото: nisa.edu.kz

Астана, NEGE. Таяуда бұрынғы Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ҰБТ-дан 140 балл жинаған Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектеріне қымбат пәтер табысталғанын сынға алған еді. Экс-депутат мектеп түлектеріне 50 миллион теңге болатын пәтер сыйлау «өзге оқушыларды кемсітушілік» деп атады. Оның пікірінше, тек тест нәтижесіне қарап мұндай қомақты сыйлық беру өзге балалардың құқығын шектейді.

Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілдері бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін алға тартып, мектептегі бағалау тәсілін түсіндіріп өтті.

«Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері ҰБТ тапсырмайды. NIS білім беру бағдарламасына сәйкес, оқушылар сыртқы бағалаудан өтеді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсу үшін осы бағалау нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырылады», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ NIS өкілдері Ақтөбедегі мектептің және желідегі өзге филиалдардың түлектеріне ҰБТ нәтижесі үшін де, сыртқы бағалау қорытындысы үшін де қымбат сыйлықтар берілмегенін алға тартты.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы