USD
USD
USD

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana әуе компаниясының өкілдері Дубайға рейстердің 21 шілдеден бастап қайта тоқтатылатынын хабарлады.

Air Astana
Фото: Air Astana

Астана, NEGE. Компанияның мұндай шешім қабылдауына Ормуз бұғазындағы және жалпы өңірдегі ахуалдың нашарлауына байланысты қабылдаған.

«Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшуды 21 шілдеден 31 тамызға дейін тоқтатады. 21 шілдеге дейін рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады», – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Бұл ретте жолаушыларға билеттер құнын толық қайтару ұсынылған. Сондай-ақ жолаушылар билетін кейінгі күндерге немесе Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондай алады.

Еске салсақ, Air Astana 15 шілдеден бастап Алматы мен Астанадан Дубайға және кері бағытта қатынайтын тұрақты рейстерін қалпына келтіретінін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан жағдайда ұшу кестесіне өзгеріс енгізілуі мүмкін екені ескертілген еді.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы