USD
USD
USD

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа «Семей орманы» аумағында орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін Абай облысына шұғыл баруды тапсырды.

өрт
Фото: Видеодан кадр/t.me/EcologyofQazaqstan

Астана, NEGE. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, министрлерге жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылған.

16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша, өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылып, көлемі 100 тоннадан асатын су себілген.

«Жедел штаб жұмысы премьер-министрдің жеке бақылауында», – делінген Үкімет хабарламасында.

Экология министрлігінің ақпаратынша, өртті сөндіру жұмыстарына «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тікұшақтары тартылған.

Айта кетейік, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы орман өрті бүгін, 16 шілде, таңертеңгі уақытта тіркелген. Өрт резерваттың Бородулиха филиалы Қамышен орманшылығының 57-орамында шыққан. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы