6 Желтоқсан 09:43
...

Моңғолияда халық жаппай көтеріліске шығып, Үкімет үйін басып алды

Фото:

Моңғолиядан Қытайға экспортталады деп жоспарланған көмірдің ұрлануына байланысты наразылық білдірген халық  Улан-Баторда Үкімет ғимаратына басып алды.

Алматы, NEGE. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1,8 миллиард доллар ұрланған.

Қытайда қылмысқа жауаптылар өлім жазасына кесілген. Олар осы іске қатысы бар моңғол шенеуніктерінің аты-жөні жазылған тізімді Улан-Баторға жіберген.

Жиналғандар ұрлыққа қатысы барлардың аты-жөнін жариялап, жазалануын талап етті.

Халық көмірдің жоғалуына жемқор шенеуніктерді кінәлайды.

Шерулер үшінші күннен бері жалғасып жатыр, ал наразылық білдірушілердің көңіл-күйі «агрессияға» толы, деп жазады News.mn порталы. Басылымның хабарлауынша, алаңға жиналған азаматтардың 90 пайызға жуығы студенттер.

Кейбір наразылық білдірушілер -30 градус аязда тауар бағасының өсуіне наразылық білдіру үшін киімдерін шешіп тастаған.

Үкімет сарайына басып кіруге әрекеттенген наразылар темір қақпаны сындырған.

Шабуыл кезінде алты адам, оның ішінде төрт қауіпсіздік қызметкері жарақат алды. Үкімет басшысының мемлекеттік резиденциясына баратын жол жабылды.

Республиканың Әділет министрлігі демонстрацияны күштеп тарату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Eagle телеарнасы. Алаңға жиналғандар алдағы бірнеше сағат ішінде тарамаса, Моңғолия билігі күш қолдануды көздеп отыр.

Тегтер: