USD
USD
USD

Зарина Дияс Испаниядағы жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 275-ракеткасы Зарина Дияс Таусте (Испания) ITF W35 турнирінің жартылай финалына өтті.

Зарина Диас
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Зарина Дияс ширек финалда әлемнің 337-ракеткасы, 21 жастағы ресейлік Полина Яценконың меселін қайырды.

Бірінші партия 6:3 есебімен Заринаның пайдасына шешілді.

Екінші сетте қазақстандық теннисші 2:0 есебімен алда тұрған кезде Яценко матчты жалғастырудан бас тартты.

Бәсеке 1 сағаттан астам уақытқа созылды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Зарина Дияс финалға шығу үшін рейтингіде 357-орындағы жапониялық Хироми Абэмен таласады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған