4 Қазан 12:55

Қытай вирусологы: Жаңа «Х вирусы» әлемді тағы тітіретуі мүмкін

Фото:

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) басшысы Гао Фу елді елең еткізетін мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, болашақта тағы бір сойқан вирус шығады. Бұл туралы РИА Новости жазды.

Алматы, NEGE. Гао Фудың сөзінше, болашақта әлем халқын «Х вирусы» әурелейді. Алайда бұл вирус туралы әзірше еш мәлімет жоқ және ол кез келген жерде, кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.  

«Адамзат болашағы үшін проблеманы бірге шешу маңызды. Осыған байланысты «төрт С қағидасын» ұсынамын: серіктестік (cooperation), бәсеке (competition), қарым-қатынас немесе ақпарат алмасу (communication), үшінші жақпен үйлесім табу (coordination)», – дейді сарапшы.  

Жоғарыда аталған қағидадан сарапшы ақпарат алмасуды ерекше атап өтті, себебі Қытай тарапы берген ашық ақпарат аз ғана уақыт ішінде коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығуға мүмкіндік берген.  

Гао Фу. Фото: ТАСС.

«Дүние жүзі тек коронавирус пандемиясы мәселесімен емес, инфодемияға тап болды, яғни белсенді ақпарат пен жалған ақпарат араласып кетті. Соның салдарынан түрлі қауесет пен проблема туындап, оны шешуімізге тура келді», – дейді маман. 

Тегтер: