USD
USD
USD

Қырғызстан тәжік азаматтарын елге кіргізбеді

Қырғыз-тәжік арасындағы қырғиқабақ әлі жалғасатын түрі бар. Қырғызстан шекарашылары Бішкекке Душанбеден келген тәжік азаматтарын кері қайтарып жіберді.

Қырғызстан тәжік азаматтарын елге кіргізбеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай ақпаратты Манас әуежайының баспасөз қызметі таратқан. «Сомон Эйр» әуе компаниясының чартерлік рейсінде Тәжікстанның 177 және басқа елдердің бірнеше азаматы болған. Ресми Душанбе болса, азаматтары үшін шекараның жабылғандығы туралы ешқандай ресми хабар алмағанын, Қырғызстанның авиациялық органдары ұшып келуге рұқсат бергенін жеткізді. Тәжікстанның Бішкектегі консулы жағдайды келіссөз арқылы шешпек болған, бірақ оның бұл әрекетінен түк шықпапты. Кейін Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті аталған шектеулер былтыр көктемде коронавирусқа байланысты уақытша енгізілді деп жауап берген.

Қазір оқып жатыр

«Әділеттің» бағдарламасы елдегі әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтеді – Жақсыбек Жиенәлиев

.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

банк

Қазақстанда ет қымбаттап жатыр: Үкімет нарықты тексеруді тапсырды

баға

Мұнай мен уранға қатысы жоқ: АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа баж салығын енгізеді

санкция