USD
USD
USD

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін төмендетті

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейіне дейін төмендетті. Мөлшерлеме дәлізі +/-1 пайыздық тармақ болып белгіленді.

банк
Фото: nationalbank.kz

Астана, NEGE. Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті бұл шешімді елдегі инфляцияның тоғыз ай қатарынан баяулауымен түсіндірді.

Маусымда жылдық инфляция 10,3%-ды құрады. Мамырда бұл көрсеткіш 10,4% болған. Азық-түлік инфляциясы 10,7%-дан 10,4%-ға дейін төмендеді, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11,7% деңгейінде сақталды.

Қызмет көрсету саласындағы инфляция мамырдағы 8,7%-дан маусымда 9%-ға дейін өсті. Бұған реттелмейтін қызметтердің қымбаттауы әсер еткен.

Маусымдағы айлық инфляция 0,8%-ды құрады. Ұлттық банк бұл көрсеткіштер инфляцияның баяулау қарқыны әлсіреуі мүмкін екенін көрсететінін, алайда нақты қорытынды жасау үшін кейінгі деректер қажет екенін атап өтті.

Ұлттық банк сыртқы нарықтағы белгісіздік әлі де жоғары екенін мәлімдеді. Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы энергия ресурстарының бағасын өсірген. Әлемде өсімдік майы мен еттің қымбаттауы күтіледі, ал дәнді дақылдар бағасы мол өнім болжамына байланысты төмендеуі мүмкін.

Сонымен қатар Ресей, АҚШ және Еуроаймақта инфляциялық қысым сақталып отыр. Бұл әлемдегі ақша-кредит саясатының ұзақ уақыт бойы қатаң сақталуы мүмкін екенін көрсетеді.

Ұлттық банк инфляцияға қатысты негізгі қауіптер ретінде жанар-жағармай бағасының қымбаттауын, коммуналдық тарифтердің өсуін, халықтың жоғары инфляциялық күтулерін, тұтынушылық белсенділіктің күшеюін және сыртқы нарықтағы бағаның қымбаттауын атады.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2026 жылғы 4 қыркүйекте жарияланады.

Қазір оқып жатыр

«Әділеттің» бағдарламасы елдегі әлеуметтік мүмкіндіктерді кеңейтеді – Жақсыбек Жиенәлиев

.

Қазақстанда ет қымбаттап жатыр: Үкімет нарықты тексеруді тапсырды

баға

Мұнай мен уранға қатысы жоқ: АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа баж салығын енгізеді

санкция

Кептелісті айналып өтеді: Астанада әуе таксиі алғаш рет ұшты

.