USD
USD
USD

Мұнай мен уранға қатысы жоқ: АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа баж салығын енгізеді

24 шілдеден бастап АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарлардың бір бөлігіне 12,5% мөлшерінде қосымша баж салығын енгізеді. 

санкция
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Қазақстан АҚШ-тың 1974 жылғы Сауда туралы заңының 301-бабы бойынша тергеу жүргізілген 60 экономиканың қатарына кірді.

АҚШ Сауда өкілдігі бұл елдерде мәжбүрлі еңбекпен толық немесе ішінара өндірілген тауарларды импорттауға тыйым салынған-салынбағанын және мұндай шектеудің қаншалықты тиімді орындалатынын тексерген.

Демек, америкалық тарап Қазақстандағы қолданыстағы талаптар мұндай тауарлардың елге әкелінуіне жеткілікті тосқауыл бола алмайды деген қорытындыға келген.

Бұл Қазақстанда өндірілген тауарлар мәжбүрлі еңбекпен байланысты дегенді білдірмейді. АҚШ-тың талабы Қазақстанның үшінші елдерден осындай өнімдерді импорттауына қатысты ережелеріне байланысты.

Алайда бұл талап Қазақстан экспортының бәріне бірдей қолданылмайды. Мұнай, бірқатар мұнай өнімдері, сондай-ақ уран кендері мен концентраттары қосымша баж салығынан босатылған. 

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram