27 Қыркүйек 11:18

Германияда парламент сайлауы өтті

Фото:

 Германияда парламент сайлауына 47 партия түсті.

Алматы, NEGE. Бундестагқа кімдердің өтетіне байланысты мемлекеттің алдағы 4 жылдағы даму бағыты анықталмақ. Парламентке 5 проценттік межені еңсерген партия ғана өтеді. Елде 60 миллион адамның дауыс беру құқығы бар. Сарапшылар сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп болжап отыр. Себебі дауыс беру нәтижесіне қарай Германияның жаңа канцлері белгілі болады. Заң бойынша мұнда Үкімет басшысын депутаттар сайлайды.

Германия канцлері Ангела Меркель үш жыл бұрын сайлаудан кейін демалатынан мәлімдеген. Сайлау алдында жүргізілген сауалнама бойынша, Германияда ұзақ уақыт бойы кезек-кезек бір-бірін алмастырып отырып, елді билеген екі партия – Христиан-демократиялық одағы мен Социал-демократиялық партияның дәуірі аяқталуы мүмкін. Сонымен қатар «Германия үшін балама» мен неміс жасылдары жақсы көрсеткіш көрсетуде. Одан бөлек, Христиан-демократиялық одақтан көбісі бас тартуда. Бұрын сайлаушылар бұл партияға Меркель үшін дауыс берген. Меркель мемлекет тізгінін 16 жыл бойы ұстаған. Оның ізбасары ретінде Социал-демкораттардан Олаф Шольц, Жасылдар партиясынан Анналена Бербок және консерваторлардан Армин Лашеттің есімдері жиі аталады.

Осы ретте 2017-ші жылы Меркельдің партиясын қолдағандар оның мұрагеріне үміт арта ма жоқ әлде басқа партияны таңдай ма деген мәселе өзекті болып тұр. Ал сауалнамаға қарағанда Социал-демократтар алда келеді. Оларды сайлаушылардың 26 проценті қолдауға дайын. Ал Меркельдің христиан-демократиялық партиясына дауыс берушілердің 22 проценті жақтас көрінеді. Сайлау учаскелері Берлин уақытымен кешкі сағат 18:00-де жабылады. Дауыс беру нәтижесі бүгін түнде немесе ертең таңертең жарияланады. 

Тегтер: