USD
USD
USD

Жамбыл облысында міндетін тиісінше орындамаған 19 ата-ана жауапқа тартылды

Жамбыл облысында міндетін тиісінше орындамаған 19 ата-ана жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында Жамбыл облысының полиция қызметкерлері үнемі рейдтік іс-шаралар кешенін өткізеді.

Аталған міндеттерді іске асыру және іс-қимылдарды үйлестіру үшін облыстық орталықтың полиция бөлімдерінде ювеналды полиция инспекторларын, білім басқармасының өкілдерін, еріктілерді және өзге де мүдделі органдарды тарта отырып, жұмыс топтары құрылды. Мысалы, осы аптада облыстағы 3 ойын-сауық мекемесінде полиция қызметкерлері сағат 22:00-ден кейін ересек адамдардың еріп жүруінсіз болған 5 жасөспірімді анықтады.

Кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар кафе иелері ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол беру) бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс болуына жол берген 178 заңды өкіл және кәмелетке толмаған балаларына білім беру және тәрбиелеуге қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 19 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

7 күн ішінде облыста 65 рейд жүргізілді, оның барысында ІІО-ға 178 кәмелетке толмаған бала жеткізіліп, 308 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 6 жасөспірім және 2 қолайсыз отбасы есепке алынды. Қаңғыбастығы үшін ЦАН-ға 2 жасөспірім орналастырылды.

– Күн сайын кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар күндізгі білім беру мекемелерінде құқық бұзушылықтардың алдын алуды, ал түнде – көшелерде, ойын-сауық мекемелеріне рейдтер жүргізеді. Ювеналды полиция қызметкерлерінің жалпы міндеті – балаларда кездесетін қиындықтардың алдын алу және олардан қорғау. Ата-аналарға хабарласып, балаларының бос уақытына және араласатын орталарына бақылау жасауды сұраймыз. Ата – аналар тарапынан кәмелетке толмағандардың мінез-құлқы мен оқуларына тәрбиелік ықпалдың және бақылаудың болмауы олардың құқыққа қайшы әрекеттер жасауына себеп болуы мүмкін, – деді ПД ЖПҚБ ЮПТ арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан