USD
USD
USD

Түркияда полиция қызметкері әріптестерін атып тастады

Адыяманда полицей бөлімшеде кезекшілікте жүрген әріптестеріне шабуыл жасады, деп хабарлайды Haber телеарнасы.

Түркия
Фото: Haber

Алматы, NEGE. Оқиға Адыяман-Алтыншехир полиция бөлімінде болған. Болжам бойынша, полиция бөлімшесінде кезекшілік атқарған ер адам белгісіз себептермен басқа полицейлерге тапаншадан оқ жаудырған. Оқиғадан кейін жарақат алған полицейлердің бар екені, олардың кейбірінің жағдайы ауыр екені белгілі болды.

Елдің Ішкі істер министрі Әли Ерликаяның хабарлауынша, шабуылда ауыр жарақат алған екі полиция қызметкері ауруханаға жеткізіліп, сонда қайтыс болған.

«Аталған факті бойынша сот және әкімшілік тергеу басталды», - деп хабарлады қала әкімдігі.

Оқиғаға кінәлі адам аяғынан жарақат алған. Ол қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы