USD
USD
USD

Газа аймағында қанша бала қайтыс болды?

Алты ай ішінде Газада 13 мың бала қайтыс болды.

Балалар
Фото: aa.com.tr

 Алматы, NEGE. Бұл көрсеткіш төрт жылдағы әлемдегі барлық қақтығыстардың құрбандарынан асып түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыс агенттігінің палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі бас комиссары Филипп Лаззарини Газадағы жағдай туралы таңқаларлық деректер туралы хабарлады. Оның айтуынша, соңғы алты айда 13 мыңнан астам бала қайтыс болған. Бұл – соңғы төрт жылдағы әлемдегі барлық қақтығыстардан қаза тапқан балалар санынан жоғары көрсеткіш.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі жариялаған мәліметтер Газада қаза тапқандардың жалпы саны 34 мыңнан асқанын көрсетеді. Дегенмен, сарапшылар әлі де үйінді астында адамдар бар екенін алға тартып отыр.

 Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып келе жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 34 012-ге жеткенін мәлімдеген болатын.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев