USD
USD
USD

Дархан Қойбағар Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Душанбеде (Тәжікстан) өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінде Қазақстан қоржыны екінші медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Дархан Қойбағар
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. 73 келіде белдескен Дархан Қойбағар өз мансабында алғаш рет Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды.

Кіші финалда Дархан олимпиадалық рейтингте 30-орында тұрған моңғолиялық Ерденбаяр Бацаямен белдесіп, қосымша уақытта жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте алғашқы жүздікке де енбейтін Дархан Қойбаған үшін бұл үлкен жетістік екені сөзсіз.

Айта кетелік, турнир барысында Қойбағар Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Моңғолия балуандарынан басым түсіп, жартылай финалда швейцариялық қарсыласына жол берді.

Қазір оқып жатыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт

Тоқаев 25-26 қарашада Мәскеуде Путинмен кездеседі

Тоқаев, Путин

Таразда белгісіз жауынгерлерге қойылған ескерткішті бүлдірді деген күдікпен 7-сынып оқушылары ұсталды

Күдіктілер

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: Құрылтай халыққа үндеу жасады

Құрылтай