Ғарышқа ұшу билетінің құны 3,8 млн доллардан асты

10 маусым, 09:39

Фото: ғаламтордан

 Бортында миллиардер Джефф Безос болатын Blue Origin компаниясының New Shepard ғарыш кемесімен ұшу билетінің құны ашық аукционда 3,8 миллион доллардан асты. 

Алматы, NEGE. Amazon-ның негізін қалаушымен бір кемедегі орын үшін аукционға әлемнің 143 елінен 6 мың үміткер қатысты. Blue Origin аэроғарыш компаниясы 2020 жылдың 20 шілдесінде болатын New Shepard-тың экипажбен алғашқы суборбиталды сапарындағы орын үшін өтініштерді қабылдайтынын хабарлады. Өтініштер қабылдаудың тікелей трансляциясы компания сайтында жүргізілуде. Аукционға қатысу үшін өтініштерді қабылдау 10 маусым күні 17.00-де (шығыс-еуропалық уақыт бойынша) жабылады.

Аукцион жеңімпазы Безос және оның інісі Маркпен Батыс Техастағы Blue Origin ғарыш айлағында үш күндік дайындықтан өткеннен кейін ғарышқа ұшады. Blue Origin ұйымдастырып отырған бұл сапар New Shepard ғарыш кемесінің бортында адамдардың алғашқы ұшуы болатынын атап өту керек. New Shepard кемесі ішінде жолаушылар бар капсуланы орбитаға шығарады. Ол жерде адамдар салмақсыздық күйінде 10 минут болады, Жерден 104 километр биіктіктегі көріністі тамашалайды. Бір сапардың ұзақтығы 40 минутқа созылмақ.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации