USD
USD
USD

Wildberries қазақстандық селлерлерге өтемақы төлемдерін аудара бастады

Wildberries Ресейдің Электросталь қаласындағы қоймада тауарлары зардап шеккен сатушыларға алғашқы өтемақы есептей бастады. Олардың ішінде қазақстандық кәсіпкерлер де бар. 

маркетплейс
Фото: Depositphotos

Астана, NEGE. Компания мәліметінше, бірінші кезекте шағын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі. Бұл санатқа 88 мыңнан астам сатушы кірген.

«Бүгін Электростальда тауарлары зардап шеккен сатушыларға алғашқы төлемдерді есептеуді бастаймыз. Бірінші кезекте ең шағын және қорғанысы аз кәсіпкерлерді қолдау біз үшін маңызды. Олардың саны 88 мыңнан асады. Алғашқы төлем алушылардың арасында қазақстандық селлерлер де бар. Қаражат бір тәулік ішінде сатушылардың балансына түседі», – деп хабарлады Wildberries-тің Қазақстандағы өкілі. 

Сондай-ақ Wildberries қоймадан тауарларды шығару сервисінің жұмысы бір тәулік ішінде қалыпқа келетінін мәлімдеді. Қазір компания тауарларды басқа қоймаларға қайта бөлу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Логистикалық процестер қайта құрылып жатқандықтан, компания бірінші кезекте сатып алушылардың тапсырыстарын жинауға басымдық беретінін ескертті. Wildberries мұны тұтынушылық сұранысты қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді.

Еске салсақ, бұған дейін компания Ресейдегі Котовск және Электросталь қоймаларындағы жағдайдан кейін сатушыларды қолдаудың алғашқы шараларын жариялаған еді. 19 шілдеден бастап бірқатар қоймада тауар сақтау құнына жеңілдік енгізіліп, өңірлік қоймаларға транзиттік жеткізілімдерге 100% жеңілдік қарастырылған.

Бұған дейін қанша қазақстандық кәсіпкер маркетплейсте тіркелгенін және олардың жағдайы қалай болатыны туралы ресми жауап алып, материал жариялаған болатынбыз. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда көп әйел алуды дәріптеген азамат жазаланды

.

Түркістанда агробизнеске бөлінген 3 млрд теңгені жымқырған қылмыстық топ сотталды

Сиыр

Үкімет KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді

.

«Қайрат» он ойыншымен қалған «Омонияға» есе жіберді

.