USD
USD
USD

Түркістанда агробизнеске бөлінген 3 млрд теңгені жымқырған қылмыстық топ сотталды

Түркістан облысында бюджеттен бөлінген 3 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың 27 мүшесіне үкім шықты. Оларға қылмыстағы рөліне қарай 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сиыр
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2016–2021 жылдары ЖШС басшылығы «Аграрлық несие корпорациясының» ірі қара мал сатып алуға арналған бағдарламасы бойынша бөлінген қаржыны жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Несие алу үшін жалған адамдардың атына шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерліктер тіркелген. Құжаттарға қолдан жасалған бизнес-жоспарлар, жалған құқық белгілейтін құжаттар және іс жүзінде жоқ кепіл мүлік туралы мәліметтер тіркелген.

Тергеу дерегінше, несие мамандары жалған қорытындылар мен тексеру актілерін дайындаған. Бағалаушылар мен кепіл мамандары іс жүзінде жоқ немесе құны әдейі көтерілген мүлік туралы жалған есептер жасаған. Ал нотариустар ақшалай сыйақы үшін жалған құжаттарды куәландырған.

Іс бойынша 33 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Барлығы 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде болмаған 54 нысан көрсетілген.

Сот шешімімен мемлекет меншігіне 19 тұрғын үй, 10 жер телімі, екі пәтер, төрт коммерциялық нысан және төрт автокөлік тәркіленді.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова