3 Қазан 15:52

АҚШ: «Ресейдің Украинадағы әскерін талқандап, флотын түгел суға батырамыз»

Фото:

Ресей Украинаға қарсы ядролық қару қолданса, АҚШ пен НАТО әскері осылай жауап бермек. Бұл туралы Орталық Барлау Басқармасының бұрынғы басшысы Дэвид Петреус мәлімдеді.

«Біз Украинадағы майдан даласындағы және Қырымдағы көзімізге түскен және анықтаған барлық конвенционалды күштерін тас-талқан етеміз. Оның ішінде Қара теңіздегі ресейлік кемелерді де нысанаға аламыз», - деді отставкадағы армия генералы Дэвид Петреус.

Оның пікірінше, АҚШ пен оның одақтастарына қарымта ядролық қару қолданбай-ақ, осындай әскери қадам жасау жеткілікті болмақ.

Тегтер: