USD
USD
USD

Президент көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. – Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін Премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Қытай Халық Республикасында Төтенше және өкілетті елші болдыңыз, сондай-ақ Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Корея елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін табанды жұмыс істедіңіз. Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір де қоғамдық жұмыстан қол үзген жоқсыз. Сіздің қажыр-қайратыңыз, мемлекетшіл болмысыңыз, адамгершілігіңіз жастарға үлгі-өнеге болады деп ойлаймын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановтың жазушылық қырына тоқталып, еліміздегі саяси және қоғамдық үдерістер жайында көптеген еңбек жазғанына назар аударды. Қуаныш Сұлтанов елдің игілігі үшін жасаған еңбегін елеп, ең жоғары мемлекеттік награданың бірі – «Отан» орденіне лайық көргені үшін Президентке алғыс айтты.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық