19 Наурыз 16:55

Бюллетеньдерді өздері толтырып, жәшікке салған комиссия мүшелері жұмыстан шеттетілді

Фото:

Алматы маңындағы сайлау учаскесінде комиссия мүшелері бірнеше бюллетеньді өздері жәшікке салғаны үшін жұмыстан шеттетілді.

Алматы, NEGE. Аталмыш видео әлеуметтік желіде тараған болатын.

«Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы «ID Senim R» медициналық орталығының ғимаратында орналасқан Қарасай ауданы, № 455 сайлау учаскесінде бюллетеньдердің басқаға толтырылуы фактісі бойынша мынаны хабарлайды - учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшесі құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін  комиссия міндеттерін орындаудан шеттетілді», - делінген хабарламада.

Тегтер: