USD
USD
USD

Тағы бір Салтанатты күйеуі жұдырықтаған видео тарады

Аталмыш видеоны блогер Жанна Ахметова Facebook парақшасында жариялады.

Алматы
Фото: видеодан

Алматы, NEGE. Видеода бұрынғы күйеуінен таяқ жеп жатқан әйелдің есімі – Салтанат.  Ер адамның оны жұдырығымен ұрып, жерге құлатқанын көруге болады. Сонымен қатар әйелдің телефонын бірнеше рет жерге лақтырып, сындырып тастайды. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Әйел 11 жыл отасқан күйеуімен ажырасуды шешкен. Балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келеді. Алайда күйеуі оны артынан іздеп келіп, қайтуға мәжбүрлеп жүрген көрінеді. 

Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Полиция бұл факті бойынша тергеу жүргізіп, қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін жиналған материалдарды сотқа жіберді», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев