Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жайық өзенінің су деңгейі төмендеп келеді

Соңғы тәулікте су деңгейі тағы да 7-8 см дейін түсті, қазіргі кезде ол 8 м 13 см.

Су деңгейі
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Қауіпті деңгейі 8 м 50 см болған. Бүгінде елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш хабарлады.

Оның айтуынша, облыс бойынша екі елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр. 12 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда.

«Су тасқыны кезеңінде 14 078 адам эвакуацияланды, оның 5813-і бала. 12 эвакопункте 2329 адам қалып отыр, оның 1 011 бала. Қалғаны туған- туыстарында орналасқан. 4359 адам үйлеріне оралды», - деді спикер.

5 сәуірден бастап облыстық гуманитарлық көмек қабылдайтын штабқа жалпы саны 1,3 млн тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. 1,2 млн текше метр еріген қар суы сорылды.

Су тасқыны кезеңінде көтерілген дамбының жалпы ұзындығы 149,43 км құрады. Облыс бойынша жағдай тұрақталып келеді және қатаң бақылауда.

Қазір оқып жатыр

Түсім өсіп, пайда жоғалған. Air Astana НЕГЕ 21 млн доллар шығынға батты?

Air Astana Эйр Астана

Тойда «уағыз» айтқан Түркістан облысының тұрғыны қамауға алынды

тойдағы уағыз

Ұлттық сараптама орталығы бірдей қызметке әртүрлі баға ұсынған

заңбұзушылық

Қазақстанға Иран жақтан аптап ыстықтың кезекті толқыны келе жатыр

ауа райы болжамы