USD
USD
USD

Алматыда бұрынғы әйелін аяусыз ұрған ер адам кешірім сұрады

Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам әйелдің телефонын сындырып, содан кейін оны аяусыз ұрып-соққаны бейнеленген видеосы тараған болатын.

Александр Ким
Фото: видеодан

Алматы, NEGE. Жәбірленуші әйелдің есімі Салтанат екені белгілі болды. Алматыда көшеде бұрынғы әйелін ұрып-соққан Александр Ким қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Әйел 11 жылдық некеден кейін ажырасуға шешім қабылдап, балаларын алып, Тараздан Алматыға көшіп келген. Алайда қазір бұрынғы күйеуі келіп, оны аңдып, мәжбүрлеп қайтаруға тырысып жатыр.

«Менің бұл әрекетімді ақтауға болмайды және Салтанатқа қолымды көтермеуім керек еді. Мен ақталғым келіп тұрған жоқ, тек жағдайды түсіндіріп өтсем деп едім. Біз 11 жыл бірге тұрдық. Үлгілі отбасы болдық, бір-бірімізді жақсы көрдік. Бірге саяхаттадық, жас отбасылар қызығатындай жанұя болдық. Салтанат екеуіміз төрт баланың ата-анасы атандық. Әрине, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайтын. Сондай ұрсыстардың бірінде екіге кеттік. Бірақ сезім қалды. Күндердің бір күнінде Алматыда кездесеміз деп келістік.Үйге келе жатқан кезде мен оның телефонын сұрадым. Оның, балаларымның суретін көрейін дедім. Сол кезде Салтанат бейтаныс жігітпен тұрғанын көрдім. Өзім не болғанын түсінбей қалдым. Қызғанып кеттім. Оның телефонын алып, сындырып жібердім», - дейді ол.

Александр Ким әйеліне соққы қатты тимегенін атап өтті.

«Бірақ ақталып тұрған жоқпын, оны тіпті итеруге құқым жоқ. Эмоцияға беріліп кеттім. артынша Тараз қаласына кетіп қалдым», - дейді ер адам.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Ломбард

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Ота

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

есірткі заты

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды