USD
USD
USD

Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 530 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Облыстық прокуратура «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды.

Қазірдің өзінде келтірілген залалдың соммасы 530 млн теңге.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамалды. Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатысы барын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар