USD
USD
USD

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

Ол Президент жанындағы әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары қызметін қатар атқарады.

Снежанна Имашева
Фото: Конституциялық сот

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Снежанна Имашева Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Батыс Қазақстан облысында «Банк ТуранАлем» ААҚ Ақсай филиалының бөлшек кредит беру маманы болып бастаған.

Әр жылдары «Ақсайэнерго» ЖШС өткізу қызметінің бастығы, «Батыс энергоресурстар» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған.

2016 жылы алғаш рет Парламент Мәжілісінің депутаты (VI шақырылым) болып сайланған.

Кейін Мәжілістің VII, VIII шақырылымдарының депутаты атанды. Бүгінгі таңда Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

Айта кетейік, 6 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда отбасы омбудсмені институты енгізілетінін хабарлап, оның қоғамдағы мән-маңызына тоқталып өтті.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі