18 Желтоқсан 16:33
...

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов украиналық тізімге енгізілді

primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Украинадағы «Бітімгер» сайтының базасына енгізілді.

Астана, NEGE. Сайттағы мәліметке сәйкес, ол XIII «Ресей – спорттық держава» форумына қатысқан. Осыған байланысты Украина тарабы оны Ресейге жария түрде қолдау көрсетті деп айыптаған.

myrotvorets.center
myrotvorets.center

«Бітімгер» сайты адамдардың, соның ішінде журналистердің, әртістердің немесе спортшылардың жеке деректерін заңсыз түрде жариялайды. Бұл тізімге Қырымға, Донбасқа барған немесе сайт авторларының теріс бағасына іліккен өзге де тұлғалар енгізіледі.

«Бітімгер» базасына қазақстандық саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтің де есімі енгізілген.