USD
USD
USD

Қазақстанда бетті бүркейтін киімге қатысты заң қабылданды

Енді Қазақстанда қоғамдық орындарда бетін бүркеп жүретін тұлғаларға қатысты әкімшілік шара қолданылады. Сенат бүгін бетті бүркейтін киімге қатысты заң жобасын қабылдады.

әйел
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бетті жасыратын киімге қатысты заңның қалай қолданылатынын түсіндірді.

БАҚ өкілдері вице-министрден: «Мысалы, медициналық көрсетілімдер бойынша бетпердеге қатысты қандай да бір ерекшеліктер қарастырыла ма? Мұндай жағдайларды нақты құқықбұзушылықтан қалай ажыратады?» – деп сұрады.

Вице-министр әрбір жағдай жеке-жеке қаралатынын атап өтті.

«Айталық, тұмау індеті кезінде бетперде тағып жүрсеңіз, онда ешқандай мәселе жоқ. Біз мүлде басқа жағдайларды айтып отырмыз. Мысалы, Алматыда футбол жанкүйерлері бетперде киіп, фаерлер жағып, балағат сөздер айтып, бір марштағыдай әрекет жасаған сәттер болды. Бұл дұрыс емес. Біз дәл осындай әрекеттерді бақылап отырмыз. Егер заң бұзғыңыз келсе, біздің камералар сіздерді көріп, танып қояды. Ертең-ақ тауып аламыз. Қазірдің өзінде оларды тауып жатырмыз, енді бұл әлдеқайда оңай болмақ», – деді вице-министр. 

Сонымен қатар, хаттама бұрыс толтырылған жағдайда анықтама көрсетуге мүмкіндік бар екені айтылды.

«Егер адам шынымен ауырып жүрсе, хаттама толтырылуы мүмкін, бірақ соңында ауруды растайтын анықтама көрсетуге болады. Бәрі ақылға қонымды түрде жүзеге асады», – деп қорытындылады Игорь Лепеха.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак

ҰБТ басталған алты аптаның ішінде 624 талапкердің нәтижесі жойылған

ҰБТ

CTS Астанадағы LRT-ның келесі кезеңіне Қытай биржасынан инвестиция тартыла ма?

.

Мәжіліс төрағасы Брест қамалы музейіне Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты

Ерлан Қошанов