9 Қараша 11:53
...
Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқандқа барады
Биыл 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.
Алматы, NEGE. Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.
Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.