Тарта жесе тай қалар. Қазақстан НЕГЕ энергия аудитін қолға ала бастады?
Халықаралық тәжірибеде энергия аудитін жүргізу энергияны үнемдеудің ең кең таралған құралының бірі болып табылады. Қазақстан да Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері болып табылатын энергия ресурстарын тұтынушылардың негізгі тобы үшін энергия аудитін жүргізудің міндетті тәртібін енгізді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері энергияны үнемдеудің әлеуеті анықталған энергия аудитінің қорытындысын алуға және оған қол жеткізу үшін энергияны үнемдейтін шараларды іске асыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында энергия аудиті қызметін 135-тен астам заңды тұлға жүзеге асырады, олардың штатында 300-ден астам уәкілетті орган аттестаттаған энергия аудиторлары тіркелген.
Алайда, 2016-2018 жылдары жүргізілген энергия аудитінің 525 қорытындысын талдау олардың 61% белгіленген қағидаларға сәйкессіздігін анықтады. Энергия аудитінің қорытындылары бойынша негізгі ескертулер энергия үнемдеу әлеуетін анықтаусыз қорытынды беру, ұсынылған іс-шаралардың экономикалық орынсыздығы, іс–шаралардың техникалық-экономикалық негіздемелерінің болмауы, сондай-ақ өзге де белгіленген талаптарға қатысты болып отыр.
Энергия аудиті сапасының төмен болу проблемаларының бірі энергия аудиторлардың біліктілігіне байланысты. Бүгінгі күні энергия аудиторларды аттестаттауды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган Заңда және одан туындайтын нормативтік құқықтық актілерде белгіленген біліктілік талаптарының негізінде жүзеге асырады. Энергия аудиторларды аттестаттау емтихансыз және әңгімелесу өткізбестен өткізу ұсынылған құжаттардың негізінде тегін өткізіледі, ол уәкілетті орган мен жеке тұлғаның өзінің жауапкершілігін айқындамайды. Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап, құрамына кемінде төрт аттестатталған энергия аудиторлары кіретін заңды тұлғалардың өзінің энергия аудиторлық қызметін жүзеге асыруына рұқсат алуы хабарландыру тәртібіне аударылғанын атап өткен жөн. Осыған байланысты энергетикалық аудит саласындағы қазіргі жағдай оны одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Сонымен қатар, қазір мемлекет энергия аудиторларға кандидаттарды аттестаттау функциясын бәсекелестік ортаға беру саясатын іске асырғысы келіп отыр. Бұл жұмыс «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-қадамында көзделген. Сонда «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Аккредиттеу жөніндегі ұлттық органы аккредиттейтін және жартыжылдықтың қорытындысы бойынша берілген сертификаттар туралы энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы органға хабарлайтынын, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органды ақпараттандыратын энергия үнемдеу және энергия тиімділігіг арттыру саласындағы персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдарды енгізу ұсынылады.
Энергия аудиторлары өз біліктілігін және ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыра отырып өздерінің біліктілік талаптарын әрбір үш жыл сайын растауға міндетті болатынын атап өту қажет. Бұл жүйелі шара энергия аудиторлары мен осы саладағы басқа дайындық деңгейін арттырады.
-
Тақырыпқа орай: Ұлы дала биткоины. Криптодержаваға айналған Қазақстан үшін НЕГЕ жасыл энергетика ауадай қажет?
Тұрғын үй-коммуналдық және бюджеттік салалардың ғимараттарында, құрылыстарында және құрылымында тұтынылатын энергия ресурстардың негізгі түрлері жылу және электр энергиясы болып табылады. Оларда техникалық процестер мен спецификалық салалық білімінің болуын талап ететін басқа жабдықтар жоқ.
Осыған байланысты және халықаралық тәжірибені ескере отырып, энергия аудиторларға ғимараттар, құрылыстар мен үй-жайлардың энергия аудитінің қызметтерін жүзеге асыру мүмкіндігін беру ұсынылады.
Бұл энергия аудиторлардың кәсіпкерлік қызметін кеңейтеді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық секторы және мемлекеттік мекемелер үшін энергия аудит нарығында бәсекелестікті арттырады. Сонымен қатар олардың әкімшілік жауапкершілігі анықталатын болады.
Жоғарыда аталған жүйелі шаралар энергия аудиті саласындағы қазіргі проблемаларды шешуді қамтамасыз етуі тиіс. Ал энергия аудитін энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттырудың кең таралған құралдарының бірі ретінде одан әрі жетілдіру үшін және халықаралық тәжірибені зерделеу қорытындыларын саралап, мемлекеттік уәкілетті орган мынадай норма ұсынған болатын.
Қазір заңға сәйкес, энергия аудитінің қорытындысын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің барлығы алуы керек. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне энергия ресурстарын жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, сондай-ақ энергия ресурстарды жылына шартты отынның бiр жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемiнде тұтынатын мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар жатады.
Мемлекеттік энергетикалық тізілім деректерін талдау көрсеткіші квазимемлекеттік сектордың және табиғи монополиялардың барлық субъектілерінің жылына шартты отынның 100-ден 1 500 ш.о.т. дейін диапазонда тұтынатын барлық Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінен энергия ресурстарының 2,3% -нен тұтынатынын көрсетіп отыр.
-
Тақырыпқа орай: Қазақстанның мұнай мен газы толық цифрландырылмақ. НЕГЕ Энергетика министрлігінің жоспары біз үшін өте маңызды?
Осыған байланысты, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия аудитін жүргізу тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ оларға жүктемені төмендету мақсатында, энергия тұтыну нормасы бойынша энергия аудит қорытындысын алуға энергия аудитін алу үшін қажетті Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің санын, жылына шартты отынның 1 500 немесе одан да көп тоннаға барабар көлемінде энергия ресурстарын тұтынатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда субъектілерге міндетті энергия аудиттерді жүргізу арқылы қысқарту ұсынылады.
Қазақстанда 270 мыңнан астам заңды тұлғалар, 43 000 көппәтерлі тұрғын үйлер, 28 000 мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері бар. Алайда, міндетті энергия аудиті рәсімін бар болғаны 2 343 заңды тұлға жүргізеді. Елдің энергия тұтынудың жалпы көлеміндегі 2 343 заңды тұлғалардың энергетикалық деректер ресурстарын тұтыну үлесі 40% - дан аспайды. Тиісінше, қалған қамтылмаған 60% – да энергия үнемдеудің үлкен әлеуеті-тұрғын үй-коммуналдық, бюджеттік және көлік секторлары бар. Осы қамтылмаған ұйымдар үшін ерікті негізде қысқа уақыт ішінде энергия ресурстарын тиімсіз пайдалануды анықтауға мүмкіндік беретін энергия аудитінің өзге де түрлерін көздеу ұсынылады. Атап айтқанда, мақсатты энергия аудиті және экспресс-энергия аудиті. Бұл біздің энерготиімділігімізді арттыратын үлкен қадам болмақ.
Мақсатты энергия аудиті деп энергия үнемдеу әлеуетін бағалау және техникалық есепті дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау жөніндегі, көлемі бойынша да, оны өткізу уақыты бойынша да мақсатты сипаты бар жұмысты айтар едік. Ал экспресс-энергия аудиті деп тапсырыс берушіде 10 жылдан ерте емес берілген міндетті энергия аудитінің қорытындысы және энергия менеджменті жүйесінің халықаралық және/немесе ұлттық сертификаты болған жағдайда, энергия үнемдеу әлеуетін бағалау және энергия аудиторлық ұйым немесе энергия аудиторы жүргізетін техникалық есепті дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау жөніндегі жұмысты айтуға болады.
Осыған байланысты, мемлекет «экспресс-энергия аудиті» және «нысаналы энергия аудиті» ұғымдарын енгізбек. Бұл үлкен жаңашылдық. Аталған қадам энергия аудиті қызметін жұмыс көлемдерін және сипатын қысқартуға, тұтынушылардың энергия ресурстарының немесе түрі бойынша белгілі бір жабдықтарға энергия аудитін жүргізуге тапсырыс берушінің қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық және бюджеттік секторлар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ететін энергия аудитінің құнын төмендетуге байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.
Энергия менеджменті дегеніміз не?
Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму ұйымының ақпараты бойынша ресурстардың тиімділігі мен шығындарды үнемдеудің жартысынан көбі күрделі салымдарсыз басқару тәжірибесін жетілдіру жолымен алынуы мүмкін. Энергия менеджменті жүйесін егізген кәсіпорындардың көпшілігі жыл сайын 2-3% қысқартады энергия менеджментін енді ғана енгізген жүзеге асыратын компаниялар алғашқы екі жылда 10-20% үнемдейді.
Энергия менеджменті жүйесін іске асырудың тұтастай алғанда әсері тек міндетті талаптарды орындайтын компаниялармен салыстырғанда энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы негізгі көрсеткіштер мәндерінің жақсы өсу динамикасын көрсетеді.
Бүгінгі таңда кəсіпорындарда энергия менеджментін енгізу тек ерікті сипатта орын алып отыр. Осыған байланысты көптеген компаниялар әлі күнге дейін энергия менеджментін енгізген жоқ. Елдегі барлық ірі компаниялар енгізген кезде, елдегі жалпы тұтынудың 5% -на дейін энергия ресурстарын тұтынуды азайту жоспарлануда.
Сондай-ақ қазіргі уақытта энергия аудиті қызметтеріне демпинг бойынша, тексеру объектілеріне бармай, жосықсыз энергия аудиторлық ұйымдардың қорытынды беруі, энергия үнемдеудің ықтимал әлеуетін төмендету, сенімсіз өлшеу аспаптарын пайдалану фактілері орын алуда.
Осыған байланысты, энергия аудиті қорытындыларының және техникалық есептердің сапасын арттыру мақсатында мемлекет энергия аудиторлық қызметті реттеу тетіктерін қайта қарайтын болады.
Біз НЕГЕ бюджеттік сектордағы энергия үнемдеу жүйесін жетілдіруге зәруміз?
Осыдан 4 жыл бұрын Дүниежүзілік банк «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру» бағыты бойынша әлемнің 111 еліне бағалау жүргізді. Бағалау 12 индикатор бойынша жүргізілді, онда елімізде «Мемлекеттік сектор үшін міндеттемелер мен ынталандыру» индикаторы ең төмен көрсеткіштердің бірі болып анықталды. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік сектордағы энергия үнемдеу мүмкіндігі өте жоғары және осы әлеует 40 пайызға дейін жетеді.
Бүгінгі күні елімізде өнімді өндіру шығындарын төмендету, технологиялық жаңғырту және өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін энергия үнемдеу шаралары өте маңызды болып отыр. Жекеменшік сектордағы көптеген компаниялар осы жолға бет бұра бастады. Олар энергияны үнемдеп, өз шығындарын азайтуда.
Ал бюджеттік секторда ахуал керісінше. Ешкімнің энергия үнемдеуге ынтасы жоқ. Бюджеттік ұйымдардың энергия үнемдеу саласында ақпараттың жеткіліксіз болуы, энергия ресурстарын жұмсау бойынша мекеме басшылары тарапынан бақылаудың нашар болуы осыған тіреп отыр. Бастысы коммуналдық төлемдер республикалық немесе жергілікті бюджеттен төленеді. Сондықтан бюджеттік мекемелер басшысы шығынды қысқартуға мүдделі емес.
Ал заң не дейді? Қолданыстағы заңнамаға сәйкес уәкілетті органның құзыретіне энергияны тұтыну нормаларын әзірлеу мен бекіту кіреді. Бірақ, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту үшін нормативтерді есептеу әдістемесі қажет, ол ғимараттың салыну жылдары, қабаттар саны, ауданы (жалпы және жылытылатын/жылытылмайтын), адамдар саны (оқушылар, қызметкерлер, келушілер, төсек орындар саны) және маусымдық энергияны тұтынуға әсер ететін басқа да факторлар бойынша нақтылануы тиіс.
Сонда ғана, бюджеттік мекемелер заңды орындайтын болады.