31 Тамыз 09:45

Теннисші Анна Данилина Прага жарысын жеңіспен бастады

Фото:

 Қазақстандық теннисші Анна Данилина Прага челленджер турнирін жеңіспен бастады.

Алматы, NEGE. Рейтингте 277-орында тұрған А.Данилина бастапқы кездесуін әлемнің 168-інші, осы жарыстың 15-ракеткасы, Нидерланды өкілі Лесли Керкховемен өткізді. Бірінші партияда нидерландылық спортшы тай-брейкте басым түсті – 7:6 (7:5). Дегенмен осыдан кейін қазақстандық теннисші таразы басын өзіне аудара білді – 7:5, 6:1. Бәсеке 2 сағат 24 минутқа созылды.

А.Данилина екінші айналымда әлемнің 211-ракеткасы, түркиялық Пемра Озгенмен шеберлік байқасады. Ол 3 сағат 25 минутқа созылған аса тартысты матчта әлемнің 195-ракеткасы, сербиялық Наталья Костичтің меселін қайырды – 7:5, 6:7 (7:9), 6:4. Көптеген теннисшілер бақ сынап жатқан бұл дода 6 қыркүйекте мәреге жетеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің Италиядағы жарыстың чемпионы атанғанын, қазақстандық теннисшілердің АҚШ-тың ашық чемпионатындағы қарсыластары белгілі болғанын жазған едік.

Тегтер: