17 Қазан 12:51

ҚХЛ: «Барыс» «Ак Барсты» алты жылдан кейін жеңді

Фото:

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Қазан қаласының «Ак Барс» командасымен кездесті.

Алматы, NEGE. Ойын барысы тартысты өрбіді. Алғашқы екі кезеңде қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Қазандық хоккейшілер бірнеше мәрте тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. Айта кетерлігі, «Барыс» хоккейшілері бұл кезеңдерде өте сақ ойнады. Бірде-бір мәрте ойын ережесін бұзған жоқ. Бір қызығы, үш кезеңде бірде-бір шайба соғылған жоқ. Негізгі кезең 0:0 есебімен тең аяқталды. Овертаймда Роман Старченко жеңіс шайбасын соқты. Осылайша «Барыс» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді. Екі команда бұған дейін 36 мәрте кездесті. «Барыс» небәрі 6 мәрте жеңіске жетіп, қалғанында қарсыласына есе жіберді. 2014 жылдың 7 қаңтарынан бері елордалық клуб аталған қарсыласын Қазан қаласында жеңіп көрген жоқ. Сол жеңілістер сериясы бүгін бұзылды. «Барыс» енді 21 қазанда елордада Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды.

Тегтер: