USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім?

 Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегінде титулды қорғап қала ма?

Бокс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінде титулды міндетті түрде қорғауы керек, - деп хабарлады Vesti.kz.

Mo Boxing No Problem басылымы мәліметінше, қазақстандықтың келесі қарсыласы жақында IBF титулына міндетті бәсекелесі жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болмақ. Олардың жекпе-жегі 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Бұл ретте Әлімханұлы америкалық кіші Шейн Мослимен (21-4, 12 КО) жұдырықтаса алар еді. Тараптар келіссөздер жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Кіші Мозели Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді және орта салмақтағы WBO NABO титулына ие. Ол - бұрынғы әлем чемпионы Шейн Мозлидің ұлы.

Әлімханұлы орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің «уақытша» иегері доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) да келісімге келуге тырысты.

Мен Жәнібектің Адамеспен жекпе-жек өткізгісі келетінін білемін, бірақ өткен аптада маған бұл жекпе-жек болмайтыны айтылды, - деп жазды Boxingscene.com журналисі Лэнс Пугмир.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны