Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Шетелдіктер үшін бензин мен дизель бағасы өзгереді

Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі бар азаматтар үшін баға бұрынғысынша қалады, деп хабарлады Sputnik.

отын
Фото: egemen.kz

Алматы, NEGE. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев шетелдіктер үшін бензин мен дизель отынының жаңа бағасын белгілейтін бұйрыққа қол қойды.

Бағасына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары мынадай мөлшерде белгіленеді:

1. Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге,

2. Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 245 теңге:

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және мотоциклдерге, жеңіл, жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 205 теңге.

3. дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 315 теңге:

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге;

Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін және жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 295 теңге.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат