USD
USD
USD

Ақтөбеде жас жігіт әжесінің атынан жасырын кредит алған

Ақтөбе тұрғыны әжесінің атына жасырын түрде 628 мың теңге кредит рәсімдеген, деп хабарлады «Диапазон».

банк
Фото: polisia.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы қария банктен қоңырау шалғаннан кейін ғана білген. Анықталғандай, 18 жастағы Ақтөбе тұрғыны әжесінің смартфонын алып, 40 мыңнан 208 мың теңгеге дейін онлайн кредит алуға өтініш берген. Оның атына берілген кредиттің жалпы сомасы 628 мың теңгені құрады.

Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты өз есепшотына аударып, жұмсаған. Оның бұл әрекеті банктен хабарласқаннан кейін қарияға мерзімі өтіп кеткен несиелері туралы хабарланғанда әшкереленген.

Жәбірленуші немересін кешіріп, оның орнына қарызын төлеуге келіскен. Сонымен бірге ол соттан немересін қатаң жазаламауды сұрады.

"Бірақ жас жігіт түрмеден құтыла алмады. Оның кәмелетке толғанға дейін тонау мен ұрлық үшін сотталғаны белгілі болды. Сол кездегі нақты жаза кейін шартты түрдегі жазамен ауыстырылып, бірақ ол сол уақыт ішінде жаңа қылмыс жасады", - деп жазылған материалда.

Сот бұл жағдайды жаза тағайындау кезінде ескеріп, айыпталушыны 5,5 жылға бас бостандығынан айырды.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева