14 Маусым 11:44

Қазақстанның шахмат Федерациясы бүкіләлемдік «Коронавирусқа Шах және Мат» бастамасына қосылды

Фото:

Қазақстанның шахмат Федерациясы Халықаралық шахмат Федерациясының (FIDE) «Checkmate Coronavirus» бастамасына қолдау білдірді. Бұл шараның аясында шахматтан онлайн жарыстар өтеді.

Алматы, NEGE. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама карантин шараларының кесірінен үйде отыруға мәжбүр болған барлық шахматшының ақыл-ой шығармашылығы әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді. Жобаның қатысушылары 2021 жылы Мәскеу қаласында өтетін Бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік беретін 64 жолдаманың бірін ұтып алу үшін сайысқа түседі. Одан бөлек онлайн жарыста 1500 түрлі сыйлық, гроссмейстерлермен мини-матч және шеберлік сабақтары сынды жүлделер де ойнатылады. 16 маусымда Қазақстанның шахмат Федерациясы шахматқа қызығатын барлық отандасымызды chess.com.платформасында өтетін онлайн турнирге қатысуға шақырады. Жарыс Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18:00-де басталады. Жарыстың алдында сағат 17:00-де барлық қатысушы тіркеуден өтуі тиіс. Жарыс «Kazakhstan Chess Federation» онлайн клубында өтеді. Клубқа өтуі үшін [email protected]. электронды поштасына өтініш жолдау қажет.

Тегтер: