6 Қыркүйек 13:19

Қазақстандық теннисші чемпион болды

Фото:

Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Корденонс (Италия) челленджер жарысының жеңімпазы атанды.

Алматы, NEGE. А.Голубев пен уругвайлық Ариэль Бехар финалда осы турнирдің 1-ракеткалары, аргентиналық Андрес Мольтени мен монаколық Хьюго Ниспен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда Корденонс додасының 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-уругвайлық жұп басымдылықтарын көрсете білді – 7:5.

Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте А.Голубев пен А.Бехар брейк жасап, алға шықты.

Ақыры олар матчты жеңіспен аяқтай білді – 6:4. Бәсеке 1 сағат 30 минутқа созылды.

Сонымен А.Голубев пен А.Бехар Италияда өткен осындай турнирдің үшінші рет қатарынан чемпионы атанып отыр.

Тегтер: